Revitalizing global partnership for sustainable development»

17 қараша, 2023

2023 жылдың 17 қарашасы, сағат 19.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары, Мулдағалиева А.А., Махметова Д.М., Оразбекова И.Г., Луговская Е.И., Несіпбаева З.С., Дүйсенбаева Ш.С. және Жиреншина Қ.А.  Абай атындағы ҚазҰПУ-дің оқытушысы Исмаилова О.А. және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі әріптестерімен ZOOM платформасында ТДМ 17: «Тұрақты даму үшін серіктестік» аясында «Revitalizing global partnership for sustainable development» тақырыбында студенттердің онлайн конференциясын өткізді. Бұл шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Дулати атындағы ТарМУ-дың, Острава техникалық университетінің (Чехия), Чехияның жаратылыстану ғылымдары университетінің (Чехия) студенттері мен магистранттары қатысты.

    Шара барысында қатысушылар таза суға қол жеткізу, сапалы білім беру, Қазақстандағы туризмді дамыту, оқу үдерісіндегі академиялық ұтқырлықтың рөлі, мұхиттар, теңіздер мен теңіз ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану сияқты мәселелерді талқылады. Студент Асель Нурмахамбетова (Өзбекстан) Өзбекстан Республикасының барлық азаматтарының таза суға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін Өзбекстан үкіметінің қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. Ол өз баяндамасында Өзбекстан Республикасының ғалымдары әзірлеген суды тазартудың жаңа әдістері туралы айтты. Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Аубакирова Айкерім оқу үдерісіндегі академиялық ұтқырлықтың рөлі туралы баяндама дайындап, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшада оқу тәжірибесімен бөлісті. Острава техникалық университетінің студенті Салықпаева Ақерке «Чехиядағы таза суға қол жеткізу мәселелерін шешу жолдары» тақырыбында бейне хабарлама дайындады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1 курс магистранты Качкынчиева Айчуректің Қазақстан Республикасындағы туризмге арналған баяндамасын ерекше атап өткім келеді. Айчүрөк Қазақстандағы туристердің ең танымал демалыс орындары мен еліміздегі туристік бизнестің даму перспективалары туралы айтты. Ол өз сөзін еліміздің көрікті жерлері туралы шағын викторинамен аяқтады.

     Іс-шара пікірталаспен аяқталды, онда қатысушылардың әрқайсысы конференцияда көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

https://drive.google.com/drive/folders/19UAEYl2YYyGBa0GVbGsv_MNQV12PlkTl?usp=sharing