Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
16 қараша 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлеĸет жǝне құқық теориясы мен тарихы, ĸонституциялық жǝне ǝĸімшіліĸ құқық ĸафедрасы мен 1 курс студенттері ТДМ 13-қағидаты «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» бойынша, «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінде ашық сабақ өткізді. Модераторы заң ғылымдарының ĸандидаты Турсынĸулова Динара Ахановна, спиĸерлері 1 курс студенттері Керімбек Алмас, Шыңғыс Арайлым, Султания Айдана.
Ашық сабақ барысында студенттер жаһандықклиматтың өзгеруіне талдау жасады. Бұл мәселенің себептерін, салдарын, алдын-алу шараларын қарастырып, презентация дайындады.Студенттер осы мәселенің төңірегінде жаһандық климаттың өзгерістеріне ғана емес, еліміздегі климаттық жағдайларға, олардың өзгерістеріне тоқталды. Оның туындау себептерін, алдын-алу шараларын қабылдады. Қазіргі таңда өте өзекті бұл мәселе тұрақты дамудың басты бағыттарының біріне айналып отыр. Климаттың өзгеру мәселесіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы негіздемелік конвенция қабылдады, дамыған елдердің бірқатары климаттың өзгеру салдарын жеңілдету бойынша сындарлы шаралар жасалып жатқаны туралы талқыланды.
Ұйымдастырушы: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.
Жауапты: заң ғылымдарының кандидаты Турсынкулова Д.А.