«Digital University»

10 қараша, 2023

2023 жылғы 13 қарашада Маркетинг және Логистика мамандықтарының Экономика және бизнес Жоғары мектебінің 1 курс студенттері "Digital University"тақырыбында 11 сынып оқушыларымен онлайн телекөпір өткізді. Кездесу тақырыбы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналды.
Іс-шараның бірінші бөлімінде Абдулазиз А., Айтбаева А., Әнуарбекова А., Қасымова М., Федорова C., Чилманбетова Ж., Немировский Ян оқушыларды университет тарихымен, оның факультеттерімен, студенттік өмірімен таныстырды. 
Екінші бөлімде студенттер оқушылардың сұрақтарына жауап берді, мысалы:
Нұржұма Арайлым - № 140 Алматы қаласы гимназиясы;
Ақжол Аян - №24 Алматы облысының лицейі;
Айтмұханбет Ақниет-Қызылорда қаласының "Мұрагер" орта мектебі;
Ыбырайымқызы Сәлима-Тараз қаласы "Алғабас" орта мектебі;
Юлдашбекова Рузана - "Хамза" орта мектебі Түркістан облысы;
Ауспекова Алина - №16 орта мектеп Мерке аудандық орталығы;
Ғикызы Шұғыла-гимназия. Бекмаханова Г. Шу ауданы.
Қорытындылай келе, оқушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Г. К. Құлжанбекова., И. Г. Оразбекова.,       А.Р. Халенова., А. О. Бекалаева, Г. А. Мурумбаева, З. А. Тілеуғабылова.