"Діни экстремизмның алдын алу"
17 қараша, 2023
«Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Психологиялық қызметімен» бірлесіп «Діни экстремизмның алдын алу» бағытында іс-шара өткізді. Мақсаты, жоғарғы оқу орындарында білім алатын діни үлгідегі киім киетін (хиджап) қыздармен консультация жүргізу. Кездесу насихат емес сауалнама форматында өтті. Консультацияны дінтанушы, PHD докторы, дінтану орталығының директоры Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы өткізді. Студенттердің дін мәселесі бойынша сұрақтарына жауап берілді. Атаулы іс-шара еліміздегі жастардың діни идеологияға деген иммунитетінің мықты болуына септеседі деген сенімдеміз.