ҚБТУ «Psycho Express» атты коллаборация өткізді.

15 қараша, 2023

Қазақстан-Британ Техникалық университетінің «Психология қызметі» Алматы қаласы университет психологтарымен бірлесіп «Psycho Express» атты коллаборация өткізді. Іс-шараға жалпы саны 15 психолог қатысты.  Университет студенттері психологтардың көмегіне жүгініп, ішкі мәселесін шешумен қатар, психологтың көмегіне жүгіну дәстүрін қалыптастырды. Одан бөлек университет психологтары өзара пікір алмасып, болашақта университет қабырғасында психологиялық қызметті дамыту мәселелерін талқылады.