Тарихи құжат - ұрпаққа аманат

14 қараша, 2023

“Ұлттық архив қоры және архивтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңына 25 жыл.

2023 жылғы 14 қарашада ҚР Президенті Архивінің «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» архивтік марафонының іс-шаралар циклі шеңберінде ұйымдастырылған іс-шараға «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңның 25 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті. 

1998 жылы “Ұлттық архив қоры және архивтер туралы” Заңның қабылдануы Қазақстан Республикасындағы архив саласының дамуындағы тарихи және маңызды кезең болды. Архивтік құжаттарды сақтау және пайдалану қағидалары қабылданып, құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібі жөнінде, мемлекеттік және ведомстволық архивтердің жұмысында бірыңғай қағидаттар мен талаптар белгілендігі осы Заңның аясында болғаны белгілі. Аталған Заң қабылданғаннан бері оған 40-тан астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Дөңгелек үстелде аса маңызды және архив ісінің дамуына қатысты мәселелер қарастырылды: Олар: Қазақстанның архив саласының өзекті мәселелерін талқылау, мемлекеттік архивтердің жұмыс тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ Қазақстандық архивтердің цифрлық трансформациясы жағдайында архив жұмысын нормативтік құқықтық реттеу мәселелері.

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңның 25 жылдығына орай заң әзірлеуге тікелей қатысқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, құжаттамалық басқаруды қамтамасыз ету және архивтік іс саласындағы уәкілетті органның өкілдері, архив ісінің ардагерлері қатысып және Сеитова А.Ф., Мустафина Ә.Қ., Сариева Р.Х., Оспанбекова Н.Қ.,Чупров В.М.  архив саласына қатысты аса маңызды мәселелер жөнінде сөз сөйледі. 

Сонымен қатар, орталық мемлекеттік архив қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, профессорлық-оқытушылық жоғары оқу орындарының құрамы, архившілер, сондай-ақ тарих факультеттерінің студенттері қатысты.