- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ҚР-да сапалы ауыз сумен құқықтық қамтамасыз ету: шешу жолдары» тақырыбындағы өткен ғылыми семинардың қорытындысы
«ҚР-да сапалы ауыз сумен құқықтық қамтамасыз ету: шешу жолдары» тақырыбындағы өткен ғылыми семинардың қорытындысы
21.11.2023 "ҚР-да сапалы ауыз сумен құқықтық қамтамасыз ету: шешу жолдары" ТДМ-1 іске асыру барысында "Еуразия Фудс Корпорэйшн" АҚ заң бөлімінің бастығы К.Д. Құсмамбетовпен кездесу өткізілді, кездесудің модераторы азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з. ғ. д., профессор С. Ж. Сулейменова сөз сөйледі. Кездесу барысында Заң факультетінің студенттеріне су, экологиялық, азаматтық, салық және монополияға қарсы заңнамаларында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды іске асырудың құқықтық мәселелері түсіндірілді.
ҚР заңнамасының әртүрлі салаларының бір-біріне қайшы келетін, халықтың сапалы ауыз суға құқықтарын іске асыру бойынша мәселелер туғызатын нормалары айқындалды.
Қазақстан Республикасының өңірлерінде жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдерді белгілеу бойынша әртүрлі шығармашылық тәсілге салыстырмалы талдау жүргізілді.
ҚР су және монополияға қарсы заңнамасының нормалары айқындалды, олар халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, суды пайдаланудың ақылы принципін іске асыруға және Қазақстан Республикасының халқын ауыз сумен жабдықтаудың тарифын белгілеуге бағытталған.
Өткізілген кездесу қорытындысы бойынша Заң факультетінің студенттеріне сапалы ауыз суды құқықтық қамтамасыз етуді шешу жолдары анықталды, атап айтқанда: су пайдаланғаны үшін ақы төлеу қағидатын іске асырудың құқықтық тетігін жетілдіру, су ресурстарын ұқыпты пайдалану бөлігінде
заңнамасын жетілдіру, су ұйымдарының қызметін реттеу бөлігінде монополияға қарсы заңнама нормаларын жетілдіру, ауыз су сапасының талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау тетігі бөлігінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманы жетілдіру.