ВОЛЕЙБОЛ

22 қараша, 2023

ВОЛЕЙБОЛ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорт кешенінде 2023 жылдың 18 қарашасында, №1 залда «Студенттер альянсы» жастар ұйымымен бірлесе отырып, студенттер үйінде тұратын студенттер (қыздар) арасында волейболдан жарыс өтті.  Жарысқа 12 әйелдер командасы қатысты.  Ойындар олимпиадалық жүйе бойынша өтті – жеңіліп қалсаңыз, жарыстан шығып қаласыз.  Қаһарлы тартыста орындар былайша бөлінді:

1 орын – №7 Студенттер үйі (биология және биотехнология факультеті)

2 орын – №16 Студенттер үйі (Экономика және бизнес жоғары мектебі)

3 орын №4 Студенттер үйі (география және табиғатты пайдалану факультеті)

Ойындар қызықты өтті.  Барлық қатысушылар үлкен ынтамен ойнады.  Жанкүйерлер өз командаларын ысқырықпен, әнмен, барабанмен қолдады.

Төреші: Синельникова Галина Александровна

Спортклуб

Басқа жаңалықтар