"Девиантты мінез-құлық және оның алдын алу мәселесі" тақырыбында өткен кездесудің қорытындысы

22 қараша, 2023

22 қараша 2023 жылы Азаматтық құқық және  азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы мен  Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдық мерей тойына арналған, БҰҰ №16 ТДМ "Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар" аясында "Девиантты мінез-құлық және оның алдын алу мәселесі" тақырыбында кездесу өтті.
Модератор ретінде Урисбаева А.А. сөз сөйлеп, шақырылған спикерлер ретінде психолог Қалымбетова Э.К. мен сарапшы-психолог Құдайбергенова А. Ж. баяндама жасады.
Онлайн-офлайн кездесу аясында қоғамда қалыптасқан нормаларға сәйкес келмейтін әлеуметтік мінез-құлық ретінде девиантты мінез-құлықты, оның негізгі түрлерін және психологиялық сипаттамаларының өзекті мәселелері қарастырылды.