Бейбітшілік, сот әділдігі мен мықты институттар
21.11.23 Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы ТМД 16 бойынша “Бейбітшілік, сот әділдігі мен мықты институттар.”
Тақырыбы: “ Қазақстан Республикасы президентінің ҚазҰУ ректорымен болашақ мақсаттық шаралары”
Мақсаты: Болашаққа бағдар жасау, студенттер мен жастардың қоғамдық және ғылыми жағдайын жақсартуы.
Президентке университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр. Бұдан бөлек, мемлекет басшысына 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі іске асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек. Жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.
3 курс студенттерімен дөңгелек үстел өтті.
Студенттер арасында пікір талас болды.
Президенттң болашаққа орындалу мақсаттары талқыланды. Қазіргі үлкен мәселе жатахана, сол жайлы ой талқыланып бір шешімге келгені анықталды. Болашақта үлкен өзгерістер күтіледі!