Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар
ТДМ-16 (БҰҰ) «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» шеңберінде 2023 жылғы 21 қарашада
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Усеинова Қ.Р. және кафедраның аға оқытушысы Бискультанова А.М. басшылығымен заң факультетінің студенттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің «Antikor ortalygy» аумағындағы Ашық есік күні атты іс-шараға катысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы – Рахимов Арман Тастемірұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Құрамаев Уалихан Нұрмаханбетұлы қатысты. .
Кездесу барысында жемқорлықты жою және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу, студенттер қоғамдастығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу мақсатында сыбайлас жемқорлық проблемаларын зерделеу мәселелері талқыланды.
Студенттер Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне берілген ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.