Climate change

21 қараша, 2023

21.11.2023 күні сағат 17:00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетінің №17 жатақханасында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Қ. Кенжеқанованың басшылығымен «ТДМ 7. Қолжетімді және таза энергия» аясында филология факультетінің студенттерінің арасында «Climate change» атты тақырыпта талқылау өткізілді. Студенттердің жаһандық жылынудың негізгі себептерін талқылады. Жаһандық жылынудың басты әсерлері климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптары туралы студенттер өз ойларын бөлісті. Жалпы жаһандық жылыну адам өмірін, қоршаған ортаны қаншалықты өзгертетінімен танысты. Студенттер пайдалы ақпарат алып, уақыттарын қызықты өткізді.