Ауыл шаруашылығы және экология саласындағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңа технологияларды енгізу

23 қараша, 2023

20.11.-24.11.2023ж.  молекулалық биология және генетика кафедрасының доцент м.а., б.ғ.к. Ыргынбаева Ш.М. жетекшілігімен 7М05105-Генетика Білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттарының арасында «Ауыл шаруашылығы және экология саласындағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңа технологияларды енгізу» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинар Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) келесі бөлімдерін қамтиды:ТДМ 2: Аштықты жою. ТДМ 6: Таза су және санитария. ТДМ 15: Жердегі экожүйелерді сақтау.

Шараның мақсаты – ауыл шаруашылығында және қоршаған ортада өнімділікті, өнім сапасын және экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған әдістер мен технологияларды енгізу.

Ғылыми семинарға кафедра оқытушылары Алтыбаева Н.А. және Ловинская А.В. да қатысты. Семинар  барысында өз елінде және шетелде кедейшіліктің себептерін зерттеу; Елдегі кедейшілікті азайту стратегияларын әзірлеу; Кедейшіліктің экономикалық өсуге және әлеуметтік шиеленіске әсерін талдау; Таза су тапшылығын азайту;  Жер бетіндегі экожүйелерді сақтау; Генотоксикологиялық әсерлерді азайту  жолдары қарастырылды. 

Магистранттар тұрақты даму мақсатының негізгі міндеттері аясында пікірталас жасап, өз ойларымен бөлісті.