ТДМ.4 Сапалы білім беру
Тарих факультетінде дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті Райхан Оңалбайқызы Садықованың «Тарих (шетел тілі)» мамандығының студенттерімен бірге «Тіл-ұлттар арасындағы көпір» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – түрлі ұлттар арасындағы диалог негізінде Тарих «Шетел тілі» мамандығында білім алуы студенттердің өзге тілді оқуға деген ынтасын арттыру және жолдарын көрсету. Бұл ең алдымен, университетіміздегі магистратура мен докторантурада курстарды өтіп, білім алып жатқан шетелдік студенттермен өзара байланысты орнатуға ықпалы зор болды. Осы мақсатта 2ші курс докторанты Мартин Каньяка мен шетелдік студент Лысенко Дарья шақырылды.
Дөңгелек үстелде модератор ретінде кураторлық сағатқа қатысушы «Тарих (шетел тілі)» мамандығының кураторы доцент Р.О. Садықова бастады. Содан кейін сөз алған «Тарих» факультетінің 1-ші курс студенті Тукаева Зарина ағылшын тілін қалай үйренгені және IELTS емтиханынан қалай жоғары нәтижеге жеткені туралы презентация жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушы студенттер сұрақ қойып, талқылау болды.
Шетелдік студенттер Мартин Каньяка мен Дарья Лысенко да ағылшын тілін оқу деңгейін, сосын ғылыми мен білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы айрықша қажеттілігін баяндап берді.
Бұл дөңгелек үстел барлық студенттерге пайдалы болды. Соңында бірлесіп шет тілін жетілдіру қажеттілігі, тілді оқуға айрықша мән беру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.