2023 жылғы 23 қарашада сағат 15:00-де ҚазҰУЗаң факультетінде. әл-Фараби ТДМ 4 "сапалы білім" аясында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқықкафедрасының оқытушылары з.ғ. д. Баймаханова Д. М. және з.ғ. к. Құсайынов Д. О. 3-курс студенттерінің қатысуымен "Заңгердің кәсібиэтикеті" тақырыбында дөңгелек үстелұйымдастырды. Дөңгелек үстелде спикерлер ретіндеБургембаева Айдана, Акабай Қарлығаш жәнеТаңіртаева Мөлдір сөз сөйледі.
Спикерлер атап өткендей, құқықтық этикет – бұлкәсіби этикеттің бір түрі, ол заң мамандығықызметкерлерінің мінез-құлық ережелерініңжиынтығы болып табылады, бұл олардыңжұмысының адамгершілік сипатын және қызметтентыс мінез-құлқын қамтамасыз етеді. Құқықтықэтикет заңгердің кәсіби қызметінің ерекшелігіне, оның құлықтылық және әлеуметтік жағдайыныңерекшеліктеріне байланысты.
Заңгердің кәсіби қызметі мен имиджіндегі еңмаңызды жағы-оның сыртқы түрі. Кәсіби заңгерқалай көрінеді, қалай киінеді, жұмыс орнын қалайұйымдастырады, өзі дайындаған құжаттар қалайкөрінеді, мұның бәрі әріптестерде, келушілерде, клиенттерде, серіктестерде маман туралы, оныңіскерлік қасиеттері туралы әсер қалдырады. Спикерлер заңгердің сөйлеу мәдениетінқалыптастыруға, оның өз ойларын дәл, мәнерлепжеткізе білуіне ерекше назар аударды.
Студенттер осындай ерекше мәселені қозғағансөз сөйлеушілерді үлкен қызығушылықпен тыңдады, көптеген сұрақтар қойды және жалпы мәдениетті, әдептілікті, таза сөйлеуді дамыту болашақ жасмамандар ретінде студенттер үшін өте маңыздыекенін атап өтті.