- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу»
«Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу»
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 2023 ж. 23 қарашада қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүгізу және криминалистика кафедрасында «Әділет» клубының жетекшісі, профессор Г.М.Атаханова заң факультетінің 408 топ студенттерімен және «Әділет» клубының мүшелерімен БҰҰ ТДМ- Бейбітшілік, әділеттілік сапалы институттар ” аясында «Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбынды Алматы қаласы, Алмалы аудандық прокуратура өкілдерімен Әмірхан Абзал Мейірханұлы және Таңат Ернур Маратұлымен кездесу өткізді. Кездесу барысында прокуратура өкілдері еліміздің дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше екендігіне, азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да жоғары болатындығын, халықтың құқықтық сауаты жоғары болса құқықбұзушылықтың азаятындығын ерекше атап өтті. Құқық қорғау органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, құқықтық үгіт-насихат көлемін және сапасын арттыру болып отыр. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр деп атап өтті.