Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Л.Т. Культемирова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің 2 курс студенттерімен бірлесіп «Противодействие семейно-бытовому насилию: опыт Республики Казахстан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Ғылыми іс-шара «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» (16 ТДМ) тұрақты даму мақсатына қол жеткізу шеңберінде өткізілді және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясына орайластырылды. Бұл акция бүкіл әлем бойынша жыл сайын 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін өткізіледі.
Дөңгелек үстелдің мақсаты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді нысандары мен әдістерін әзірлеу болды.
Спикерлер ретінде ішкі істер органдарының қызметкерлері шақырылды. Полиция полковнигі Токсанова Майя Болатқызы мен полиция майоры Жүзбаева Маргарита Маратқызы полицияда қызмет еткен жылдарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның құрбандарына көмек көрсету мәселелеріне арнады.
Сонымен қатар студенттер Абдиманнатова Лаура, Исабекова Ақлия және Мұсатаев Әділхан баяндама жасады. Балалар әйелдерге, балаларға және ер адамға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін көтерді.
Ғылыми іс-шараның қорытындысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғам институттарының рөлін және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерінің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өткен қарар болды.