- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Заңды қолдануды түсіндірудің теориясы мен практикасы” тақырыбындағы өткен вебинардың қорытындысы
“Заңды қолдануды түсіндірудің теориясы мен практикасы” тақырыбындағы өткен вебинардың қорытындысы
2023 жылғы 24 қарашада сағат 14:00-де азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Н.Д.Мырзатаев “Заңды қолдануды түсіндірудің теориясы мен практикасы” атты тақырыпта вебинар өткізді. Вебинар қонағы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты, Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бас маманы, философия докторы PhD
Сәулен Нұржан қатысты.
Вебинар 4 ТДМ аясында ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында нормативтік актінің мәтіні мен контексті, заңды қолдануды түсіндіру әдістері мен түрлері, ережелері, сондай-ақ заңды қолдануды түсіндіру нәтижелері және түсіндіру процесін реттеу бойынша тақырып кеңінен талқыланды. Іс-шара заң факультетінің “құқықтану” мамандығының 3-курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Вебинарға қатысу барысында студенттер тақырыпқа байланысты өздерінің ойларын ашық жеткізіп, осы аталған тақырып бойынша сұрақ-жауапқа қатысты.
Сонымен қатар, вебинарда еліміздегі азаматтық заңнама нормаларын қолдану мен қолдану-құқық нормаларын іске асыру нысаны ретіндегі өзектілігі талқыға салынды. Заңның қолданылуын түсіндірудің теориясы мен практикасы заң ғылымы мен практикасының маңызды аспектілері болып табылады. Заңды түсіндіру теориясы мен практикасы құқықтық жүйе үшін үлкен маңызға ие, өйткені олар құқық қолдануда тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз етеді. Олар сондай-ақ заң алдындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз етуге көмектеседі, өйткені олар барлық азаматтар үшін заңның бірдей түсіндірілуіне кепілдік береді.