"Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға кедергі ретінде"

24 қараша, 2023

2023 жылдың 24 қарашасында сағат 15.00-де Тұрақты дамудың 16 мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде шет тілдер кафедрасы «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға кедергі ретінде» атты тақырыбына «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары К.А.Айсултанова , Г.К.Атабаева, Г.А.Мусанова,Д.Ж.Тектибаева, университетіміздің студенттері мен магистранттары, сондай-ақ Азаматтық авиация академиясының студенттері және мемлекеттік Баку университетінің  магистранттары қатысты.Баяндамашылар сыбайлас жемқорлық пен әртүрлі ТДМ арасындағы жанама байланыс, сыбайлас жемқорлықтың кедейлікті жоюға, сапалы білімге, денсаулық сақтау қызметіне қол жеткізуге, гендерлік теңдікке, экономикалық өсуге және экологиялық тұрақтылыққа қалай әсер ететінін кеңінен тоқталды.

 Спикерлердің баяндамасында сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін кейбір елдер мен ұйымдар қолданатын стратегиялар, саясаттар мен инновациялық тәсілдер айтылды. Олар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін күшті заңнамалық базаның, жауапкершілік тетіктерінің, халықты түсіндіру жұмыстарының және технологияларды пайдаланудың маңыздылығын  көрсетті.

Іс-шара ТДМ -на қол жеткізудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы төңірегінде құрылды, секторлар мен мүдделі тараптар арасында бірлескен іс-қимыл қажеттігін атап өтті. Талқылаулар сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық прогреске зиянды әсері және тұрақты дамуға қол жеткізудегі адалдық пен ашықтықтың негізгі рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық ТМД-ға қол жеткізуге, институттар мен қоғамдық сенімге нұқсан келтіретін, ресурстарды басқа жаққа бұрып, теңсіздікті күшейтетін айтарлықтай кедергі келтіретінін айтты.