«Қазақстандағы ішкі мигранттардың әлеуметтік интеграциясы» тақырыбында дөңгелек үстел

13 қазан, 2023

 

2023 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында «Қазақстандағы ішкі мигранттардың әлеуметтік интеграциясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара  БҰҰ Тұрақты дамудың «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» атты 11-ші мақсатын іске асыру аясында және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландырылған ғылыми жоба қорытындылары бойынша ұйымдастырылды

Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары, оқытушылары, сондай-ақ «Алматыбасжоспар» ғылыми зерттеу институты» ЖШС өкілі Н.Волкова қатысты. Ұйымдастырушылар алдымен тұрақты дамудың бағыттары мен мақсаттарын түсіндіріп, Тұрақты қалалар мен елді мекендер атты 11-ші мақсатқа кеңінен тоқталды (аға оқытушы, PhD С.С. Серікжанова, аға оқытушы Д.А.Арын). Шара барысында қатысушылар баяндамалар оқып, соңында Тұрақты дамудың 11-ші мақсатының елімізде іске асырылу барысын талқылады.