«Фараби – ізгі философ» тақырыбында дәріс

26 қазан, 2023

 

26-қазан күні Философия және саясаттану факультетінде Иран ғылым академиясының мүшесі, Иран философиясы қауымдастығының президенті, Шахид Бехешти университетінің профессоры, фарабитанушы ғалым Гуламреза Авани «Фараби – ізгі философ» тақырыбында дәріс оқыды

Жиынды факультет деканы Бекжан Мейрбаев ашып, қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, шетелдік ғалым Г.Аваниге дәріс оқуға келгені үшін ықылас білдірді. Лектор Әбу Насыр әл-Фарабидің этика ілімі мен моральдық ізгіліктер туралы еңбектеріне, бақытқа жетудегі этикалық ұстанымдарына тоқталды. Ғалым Ұлы даланың ұлағатты ойшылы әл-Фараби ілімін оған дейінгі философтарды танудың терезесі дей отырып, оның ілімін іс жүзіне асырудың қажеттігі толастамайды деп тұжырымдады.

https://www.kaznu.kz/content/images/news/97670.jpg

Кездесуде сөз алған Ирандағы Мәдениет және Ислам коммуникациялары ұйымының ғылыми және академиялық ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Халадж Монфаред қазақстандық студенттерді Иранда академиялық ұтқырлық аясында білім алуға шақырды. 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/97671.jpg