ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕССИЯ «ОРНЫҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ»

3 маусым, 2023

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында  2023 ж. 2 маусымында аралас офлайн/онлайн форматта «Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» әлеуетті арттыру жөніндегі сессия өтті. Аталмыш сессия ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының Гонконг Политехникалық университетінің (PolyU) қолданбалы әлеуметтік ғылымдар Департаментімен бірлескен үш жылдық халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Аталмыш сессияның мақсаты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, теңсіздікті азайту мен балалардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру барысындағы ғылыми-тәжірибелік әлеуетін талқылау және кеңейту болды. Сессия академиялық қауымдастық пен кәсіби тәжірибе саласы өкілдері мен күш-жігерін біріктіре отырып қана қоймай, әлеуметтік жұмыс магистранттары мен докторанттарының зерттеулерін талқылайтын алаңға айналды.

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96021.jpeg

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96022.jpeg

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96023.jpeg

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96024.jpeg

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96025.jpeg