Қазақстан және Иран фарабитанулық ғылыми серіктестігі

10 шілде, 2023

 

Халықаралық әл-Фараби орталығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы мен Бүкіл Азия елдеріндегі Иран мәдени өкілдіктерін бақылайтын бөлімнің басшысы доктор Адел Кхани мырзамен кездесу.

Кездесуге Алматыдағы Иран мәдени өкілдігінің басшысы Ағазаде мырза, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы,Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Кокеева Дарига Молдағалқызы және Иран мәдени өкілдігі мен Халықаралық әл-Фараби орталығының қызметкерлері қатысты.

Жиын өркениет шырақшысы әл-Фараби музейінен бастау алды, орталық маманы Осербаев Елдос қонақтарды бабамыздың мұрасы мен орталық жұмысының тынысымен таныстырды, қонақтар тарапынан әл-Фараби мұрасының биік деңгейде зерттеліп әрі насихатталуы үлкен қызығушылық тудырып, ой-пікір алмасу орын алды.

Кездесу бұдан әрі әл-Фараби орталығына жалғасын тапты, философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы қонақтарға аталмыш кездесудің маңыздылығы мен Қазақстан және Иран мемлекеттері арасындағы ғылыми-мәдени байланысын дамытудағы рөлін атап өтті. Орталық жұмысының жетістіктері мен болашаққа жоспарын баяндап берді. Қонақтар тарпынан сөзді алғаш болып Бүкіл Азия елдеріндегі Иран мәдени өкілдіктерін бақылайтын бөлімнің басшысы доктор Аделхани мырза алды. Ол Әл-Фараби тұлғасы мен ғылыми мұрасы Иран үшін де аса маңыздылығын атап өтті, бұл екі мемлекет Президенттері арасындағы кездесуде де талқыланғанын айтты. Осыған орай, өздерінің байланысқа ашық екенін, оған қоса, біріккен ғылыми конференциялар мен іс-шаралар жасамақ тілегін жеткізді.

Ал, Алматыдағы Иран мәдени өкілдігінің басшысы Ағазаде мырза өз кезегінде әл-Фараби еңбектерін біріге зерттеу маңыздылығын ескере отырып алдағы күз айларының бірінде аталмыш тақырыптқа сай халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өткізу өтінішін білдірді, өз кезегінде Ираннан ғалымдар шақыру мәселесіне тікелей көмекетесінін айтты. Сонымен қатар, Ирандағы мемлекеттік «Кітап басу ісін бақылау» мекемесінің де осы тақырыпқа қызығушылығын жеткізді.

Осы орайда, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы аталмыш мекеменің жұмысымен толық таныс болу ниетін білдіре отырып Орталық Азия, Қазақстан және Таяу Шығыстағы исламды зерттеулерге бірлесе кірісуге шақырды. Қонақтар тарапынан Ағазаде мырза доктор Авани сынды Иранның белді философ ғалымының қызығушылығын да жеткізіп, бірлескен жобаларға дайындығын білдірді.

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96729.jpeg

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96731.jpeg

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96730.jpeg

 

https://www.kaznu.kz/content/images/news/96728.jpeg