ТДМ-7: “Bala Land-2023”

27 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті “Көмек” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алғаш рет 2023 жылдың 7 қарашасында “Bala Land-2023” жобасы  өтті. Жобаның мақсаты: балалардың қызығушылығын ескере отырып қуаныш сыйлау, қолдау көрсету. Жобаның барысы: балалар үйі және мектеп-интернат тәрбиеленушілерін кинотеатрда кино көрсету, ойын-сауық орталығында ойнату, тамақтандырып іс-шара өткізу. Жобаны жоғары деңгейде сәтті өткіздік, атсалысқан барша жанға алғысымыз шексіз!