ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕКТЕП ДЕКАНДАРЫНЫҢ АЛЬЯНСЫ

28 қараша, 2023

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ, география және табиғатты пайдалану факультеті қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып экологиялық мектептер декандары альянсының мүшесі болды.

2023 жылғы 27 қарашада география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, г.ғ.к., доцент А.С. Ақтымбаева Тунцзи университеті (ҚХР) ұйымдастырған Экологиялық мектептер декандарының үшінші Форумына қатысты. Тұрақты даму сенімді білім мен берік ғылымға негізделуі керек және бұл процесте жоғары білім мен ғылыми-зерттеу институттары бірге ынтақмақтаста жұмыс жүргізу керек. 2018 жылы Тунцзи университеті экологиялық мектептер декандарының Альянсын ашып және жасыл даму үшін ғылыми және саяси ұсыныстар бере алатын, сондай-ақ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық механизмі арқылы біліммен, мәліметтермен және талдаулармен алмасатын бірлескен зерттеу желісін құру мақсатында экологиялық мектептер декандарының форумын бастады. Экологиялық мектеп декандар Альянсы құрылғаннан бері 34 елден 63 университет жемісті алмасу және ынтымақтастық аясында ынтымақтасады.

«Бір белдеу және бір жол» бастамасының 10 жылдығына орай экологиялық мектеп декандарының Үшінші Форумы ғылыми жетістіктер мен идеялармен алмасу, сондай-ақ «Жасыл белдеу және жол» үшін серіктестік орнату мақсатында ресурстарды қайта өңдеуге және төмен көміртекті дамуға арналды.

КОНФЕРЕНЦИЯ БРОШЮРАСЫ

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ