ҚазҰУ бейіндік мектеп оқушылары Медицина факультетінде орналасқан симуляциялық орталыққа барды

24 қараша, 2023

24.11.2023 күні әл-Фараби атындаты КазҰУ Бейіндік мектебінің ұйымдастыруымен Химия- Биология бағытының 8-9-10 сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында университетіміздің Медицина факультетінде орналасқан симуляциялық орталыққа барып қайтты. Кездесу аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, керекті ақпараттар алды. Окушылар білікті ұстаздардың практикалық сабақтарына қатысты. Әр-түрлі құрал жабдықтармен танысып, практикада қолданып көрді. Оқушыларымыздың медицинаға деген қызығушылықтары арта түсті.