Берлин техникалық университеті ҚазҰУ-дың жетістіктеріне қызығушылық танытты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев жұмыс сапары аясында Берлин техникалық университетінде болып, БТУ президентінің халықаралық байланыстар жөніндегі уәкілі, профессор Франк Берендтпен кездесті.
Кездесу барысында ректор неміс әріптестерін ҚазҰУ тарихы және қызметімен таныстырды. Университет басшысы ҚазҰУ-дың Германия жоғары оқу орындары, институттары мен ұйымдарымен ғылыми-білім беру өзара іс-қимылының мол тәжірибесін атап өтті. Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Германияның жетекші жоғары оқу орындары және институттары арасында ынтымақтастық туралы 13 келісімге қол қойылған. Оның ішінде Макс Планк, Берлин Бойт қолданбалы ғылымдар университеті, Зиген университеті, Лейпциг университеті, Гельмут Шмидт университеті, Гамбургтегі Бундесвер университеті, Филипп атындағы Марбург университеті, Шмалькальден қолданбалы ғылымдар университеті, Кристиан Альбрехт атындағы Киль университеті және басқалар бар.
Жоғары оқу орындары арасында түрлі білім беру бағдарламалары мен ғылыми-инновациялық жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ ҚазҰУ ректоры Висмар университетімен «Қос диплом» білім беру бағдарламасын жүзеге асырып, ҚазҰУ-дың неміс жоғары оқу орындарымен Эрасмус+ және DAAD жобаларына бірлесіп қатысып отырғаны туралы баяндап берді. Сондай-ақ білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы бойынша бағдарлама сәтті жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда Эрасмус+ бағдарламасы бойынша бес бакалавриат студенті, 22 магистрант, 16 докторант және бір оқытушы Германия университеттеріне барып, оқу, түрлі конференцияларға қатысу және ғылыми-зерттеу тағылымдамаларын өткізу мақсатында барып қайтты. ҚР ҒжЖБ «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен 2023/24 оқу жылында ҚазҰУ-дың екі студенті Карл фон Осецкий атындағы Олденбург университетінде және Марбург университетінде оқиды. Биыл биология және биотехнология факультетіне зерттеу жүргізу үшін Эберсвальд тұрақты даму университетінің профессоры Генрих Альф шақырылды. Неміс жоғары оқу орындарының 15 студенті ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің базасында жазғы мектепке қатысты. Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Германиядан келген екі студент білім алуда.
ҚазҰУ Берлин техникалық университетімен ынтымақтастықты табысты жүзеге асыруда. Сонымен 2021 жылдан бастап механика-математика факультеті Эрасмус+ GeoCLIC бағдарламасы аясында БТУ қарым-қатынас жүргізуде. Жыл сайын БТУ «Ғарыштық техника және технологиялар», «Механика», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» және т.б. мамандықтардың магистранттары үшін жазғы (офлайн) және қысқы (онлайн) мектептер өткізеді.
Келіссөздер барысында тараптар пікір алмасып, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ректор Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Берлин техникалық университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы ынтымақтастық орнатуды ұсынды. Соңында тараптар университеттер болашақта филиал ашу туралы және пәнге бағдарланған бірлескен орталықты ашу үшін ортақ түйісу мүмкіндіктерін қарастыратынын атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі