- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы заңнамасы және азаматтық заңнамасын дамыту" тақырыбында өткен ғылыми вебинардың қорытындысы
"Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы заңнамасы және азаматтық заңнамасын дамыту" тақырыбында өткен ғылыми вебинардың қорытындысы
2023 жылғы 30 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы қарсаңында Азаматтық құқық және процесс, еңбек құқығы кафедрасында №4 «Сапалы білім беру» ТДМ іске асыру және қол жеткізу шеңберінде Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Сүлейменова Сәуле Жүсіпбекқызының жетекшілігімен "Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы заңнамасы және азаматтық заңнамасын дамыту" тақырыбында ғылыми вебинар өтті.
Модератор және бірінші спикер ретінде қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының 1 курс докторанты - Жақсылық Айдана Жақсылыққызы сөз сөйледі. Екінші спикер ретінде кедендік, қаржылық және экологиялық құқық кафедрасының 1 курс докторанты - Данияр Ерғалиұлы Жапарқұлов сөз сөйледі. Шақырылған спикер ретінде "Компания Диалин" ЖШС заң қызметінің директоры - Моисеенко Евгений Юрьевич сөз сөйледі.
Онлайн-вебинар шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы қалыптасқан сәттен бастап қазіргі заманғы үрдістер мен өзгерістер, сондай-ақ адамдардың күнделікті өмірде азаматтық заңнама нормаларын пайдалануының мысалдарын көрнекі келтіре отырып, азаматтық заңнаманы білу мен зерделеудің маңыздылығы көрсетілді