АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АҚИҚАТЫ

23 қазан, 2023

2023 жылдың 23 қазан күні Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Тарих факультеті, Қазақстан тарих кафедрасының ОПҚ-ы, 1 курс, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар студеттерімен «Ауған соғысының ақиқаты» тақырыбында  дөнгелек үстел өткізді. Дөнгелек үстелдің қонақтары ретінде Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары - Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ауған соғысының ардагері  Сайлан Болат Санабайұлы, т.ғ.к., доценттер Ноянов Еділ Ноянұлы, Арынов Жумакан Маканұлы болды. Кездесуде сөз алған т.ғ.д., профессоры, Сайлан  Болат Санабайұлы, Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс еді. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдегенін атап өтті. Дөңгелек столға қатысқан студенттер ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі жастар мен олардың отанға қызметі туралы жақсы естеліктер тыңдады.  Кездесу соңында студенттер сұрақтар қойып, тиісті жауап алды. Кездесу соңы іс-шаралық кешке ұласты.