- Басты бет
- Жаңалықтар
- 13 БҰҰ Тұрақты даму мақсаты. Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау
13 БҰҰ Тұрақты даму мақсаты. Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау
Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының профессоры Сасыкова Л.Р. БҰҰ-ның 13-ші ТДМ талқылауға арналған ойын түрінде кездесу-пікірталас іс-шарасын ұйымдастырды. БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) ішінде 13-ші мақсат «Климаттың өзгеруімен және оның зардаптарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау» бүкіл әлем үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де ерекше назар аударуға лайық. Ғалымдардың талдауы бойынша Қазақстанның климаты ыстық болып келеді: республикадағы орташа жылдық температура 1991–2020 жж. 1961–1990 жылдармен салыстырғанда 0,9 °С-қа өсті. Климаттың өзгеруіне байланысты республикада қалыпты ыстық күндер жиілеп кетті.
Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі мұхит температурасының көтерілуіне, мұздың еруінің жоғарылауына, су ресурстарының, азық-түліктің жаппай тапшылығына, жануарлар мен өсімдіктердің табиғи мекендеу ортасының бұзылуына және әртүрлі табиғи апаттарға әкелді. Талқылауға 1 курс магистранттары («Мұнай химиясы» мамандығы) және бакалавриаттың 2 курс студенттері (ХИ 201 Р тобы) белсенді қатысты. Кездесу бағдарламасына студенттердің ағылшын тілінде баяндамалары мен пікірталас (сұрақ-жауап-негіздеу), офлайн және онлайн ойындары, суреттер көрмесі кірді.