Адам денсаулығы мен қоршаған ортаны жақсарту
2023 жылғы 14 қарашада "Метрология және стандарттау" пәні бойынша "Стандарттау аумағында нормативтік құжаттарды қолдану. Өнім сапасын қамтамасыз ету стандартын талдау" тақырыбын қарастыру кезінде қалдықтар, химиялық өнімнің қауіпсіздігі, ресурс үнемдеу саласындағы ұлттық және мемлекетаралық стандарттар қаралды. Бұл мәселелер тұрақты даму мақсатында (11, 12) және соған байланысты мақсатты көрсеткіштерде қарастырылады.
ТДМ 11: Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету.
11.6-міндет: 2030 жылға қарай қалалардың жан басына шаққандағы жағымсыз экологиялық әсерін азайту, оның ішінде ауа сапасына және қалалық, тағы басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару.
ТДМ 12: Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету.
12.4-міндет: 2030 жылға қарай химиялық заттарды және олардың бүкіл өмірлік циклі бойынша барлық қалдықтарды келісілген халықаралық принциптерге сәйкес экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін айтарлықтай азайту.
Өнім сапасын қамтамасыз ету стандарттары тұтыну өнімдерінің құрамында адам денсаулығына елеулі теріс салдарға әкелуі мүмкін химиялық заттардың болмауын талап етеді.
Р. А. Искакова, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцентінің м. а.