Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының студенттерінің белгілі жазушы Аслан Жақсылықовпен кездесуі.

27 қараша, 2023

27 қараша күні қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ш.А.Шортанбайдың ұйымдастыруымен Қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері жазушы, тәржімашы,  әдебиеттанушы ғалым, Буккер әдеби конкурсының жүлдегері Аслан Жақсылықовпен кездесу өткізді. Сұрақ-жауап түрінде өткен кездесу барысында жазушының көркем туындылары талқыланып, қазақ әдебиетіндегі постмодернистік бағыттар аясында біршама келелі мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, жазушының әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасына айналған «Антұрғандардың түсі», «Сурикаттар үйі» сияқты болмысы бөлек, өзіндік ізденіске толы романдары жайында сөз қозғалып, автордың шығармашылығы туралы еркін форматта сұқбат болды. Кездесу соңында қаламгер алдағы жоспарларымен бөлісіп,  циклді еңбегінің соңғы бөлімі жазылып жатқаны туралы баяндады.