Әлеуметтік желі және кибералаяқтық: қауіпі мен қорғау әдістері

1 желтоқсан, 2023

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ 90 жылдық мерейтойы қарсаңында заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Темірболат Нұрайша және «Криминалистикалық сараптамалар» мамандығының 1 курс магистранты Әлімғазы Гүлмарал 2023 жылдың 23 қарашасында Алматы қаласының №177 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларына БҰҰ "Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар" ТДМ №16 бағытының аясында «Әлеуметтік желі және кибералаяқтық: қауіпі мен қорғау әдістері» тақырыбында дәріс өткізді. Қазіргі әлемде киберқауіптер санының қарқынды өсуі байқалады. Киберқылмыстан қорғау барлық интернет пайдаланушылары үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызды міндет болып табылады. Балалардың алдын алу шаралары мен күресу әдістері туралы уақтылы хабардар болуы интернеттегі алаяқтықтан дер кезінде қорғай алады деп сенеміз. Дәрістің алға қойған мақсатына қол жеткізгендігін оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығынан көруге болады.