SDG 1: Кедейлікті оның барлық түрлерінде кеңінен жою
30.11.2023 ж. БҰҰ ТДМ іске асыру шеңберінде халықтың неғұрлым осал топтарына – мүгедектерге және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға нақты қолдау көрсету мақсатында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы "Жақсылық жасауға жарысайық" іс-шарасын өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – кафедра меңгеруші, з.ғ.д., проф. Қуаналиева Г. А., аға оқытушылар Есекеева А. А. және Үмбетов М. Н.
Заң факультетінің студенттері мен кафедраның ПОҚ Халықаралық мүгедектер күніне арналған аталған акция барысында мүгедектерге атаулы көмекті қолдау үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Халықаралық мүгедектер күні бүкіл әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 1992 жылғы 14 қазандағы 47/3 қарарына сәйкес атап өтіледі. Оның мақсаты -қоғамдық өмірдің барлық салаларында мүгедектердің құқықтарын ілгерілету, сондай-ақ мүгедектердің проблемаларына көпшіліктің назарын аудару.