ТДМ 17. Дөңгелек үстел: «Қазақстандағы ядролық энергетикасының болашағы»

28 қараша, 2023

Академик И.В. Курчатовтың 120 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасындағы атом өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде 2023 жылғы 28 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ теориялық және ядролық физика кафедрасы «Қазақстандағы ядролық энергетикасының болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды және өткізді.

Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды:

- ҚР ЭМ Ядролық физика институтының мамандарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасында ядролық энергетика, ядролық инженерия саласы үшін білікті кадрлар даярлау;

- Қазақстанда ядролық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР ҰЯО РМК, ҚР ЯФИ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкерлері және МИФИ ҰЯЗИ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының дамып келе жатқан атом саласын кадрлармен қамтамасыз ету үшін барлық стейк-холдер (білім беру және ғылыми ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, атом саласының кәсіпорындары, мемлекеттік билік органдары) күш-жігерін шоғырландыру қажеттігін атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында атом саласының кадрлық қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша дәйекті жоспар әзірлеу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аясында жетекші мүдделі ұйымдармен бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.