ТДМ 4. Доцент Ж. Өмірбековтың құрметіне жыл сайынғы олимпиада және шахмат турнирі

24 қараша, 2023

2023 жылдың 24 қараша күні физика-техникалық факультетінде республикамыздың жоғары оқу орындарының 11 сынып оқушылары мен 1 курс студенттері арасында жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының доценті Жеңіс Өмірбековты еске алуға арналған жыл сайынғы физика пәнінен олимпиада және шахматтан турнир өтті. Бұл іс-шараларға Қазақстанның басқа облыстарынан 40-тан астам оқушылар мен студенттер тіркеліп, қатысты. Қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдармен қатар Жеңіс Өмірбековтің отбасы тағайындаған арнайы шәкіртақылар табысталды.