«Құстар қайтып барады...» атты әдеби-сазды кеш

1 желтоқсан, 2023

Кеше журналистика факультеті Т. Қожакеев атындағы акт залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған  «Құстар қайтып барады...» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешті көсемсөзгер, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты Жүсіпбек Қорғасбек ашты. Кеште ҚР мәдениет қайраткері Анар Ақбаева, Саят Нұрғазин, Мәлік Дүйсенбиев, Ертіс Қожекеев, Бұлан Жамбыл, Ғаламат Бейсеқожа, Сайран Байдоллақызы сынды белгілі өнер өкілдері ән мен күйден шашу шашты. Студенттер әйгілі композиторға арналған арнаулармен бірге өз өлеңдерін оқыды.