Ботай мәдениетіндегі адам және қоғам: өркениеттік дискурс
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде 6 желтоқсан күні сағат 11.00-де 4-1 аудиторияда (этнография мұражайы) "Ботай мәдениетіндегі адам және қоғам: өркениеттік дискурс" тақырыбында ашық дәріс өтеді
Дәріскер - Аязбекова Сабина Шәріпқызы - философия ғылымдарының докторы, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының профессоры, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Халықаралық Ғылым және жоғары білім академиясының академигі (Ұлыбритания), Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы өнер академиясының академигі.
Жарияланымдар: 7 монография және 5 оқу құралы, 150-ден астам мақала.
Ғылыми бағыттар: философия, мәдениеттану, археология, лингвистика, эстетика, дінтану, өнертану, музыка тарихы және теориясы.
Ғылыми қызығушылық саласы: өркениеттер, өркениеттер теориясы мен тарихы және Ұлы дала өнері, Тәңіршілдік, Еуразиялық Мәдениет, Мәдени әмбебаптар жүйесі.
Академиялық қызметі үшін марапаттар мен дипломдар:
Ресей Жаратылыстану Академиясының "жаңа ғылыми бағыттың негізін қалаушы: Ұлы даланың өркениеттік жіктеуіші"дипломы
Жаһандық халықаралық ғылыми-талдамалық жобаның (Gisap, Ұлыбритания)ғылыми аналитика бойынша біріншіліктер лауреатының 24 дипломы;
Диплом және Еуропалатаның Алтын медалі - "Diploma Di Merito"";
"Frankfurter Buchmesse-Special Edition-2020" халықаралық кітап көрмесінің алтын медалі