АҚШ-тағы адам құқықтарын қорғау ерекшеліктері

23 қараша, 2023

23 қараша 2023 ж

 

ТДМ-16. Тұрақты даму мүддесі үшін бейбіт және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығына әділеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету және өмірдің барлық деңгейлерінде тиімді, есеп беретін және кең қатысуға негізделген мекемелер құру.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 312 тобында "Адам құқықтары" пәні бойынша сабақта АҚШ-тың құқықтық жүйесі талқыланды. 312 топтың спикер-студенттері Темірлан Сұлтанов пен Ирина Полещук "АҚШ-тағы адам құқықтарын қорғау ерекшеліктері"тақырыбында сөз сөйледі.

Бұл сабақтың мақсаты-АҚШ - тағы адам құқықтарын қорғау тетігінің ерекшеліктерін зерделеу, АҚШ пен ҚР-дағы адам құқықтарын қорғау институттарына салыстырмалы талдау жүргізу.  Құқықтық сауаттылық, адам құқықтарын құрметтеу, құқық қорғау органдарының қызметі мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 312 тобының студенттері осы мәселені талқылауға белсене қатысты. 

Ұйымдастырушы- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.

Аталған іс - шараны өткізуге з.ғ. д., профессор Ибраева Алуа Саламатқызы жауапты.