- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау ережелері» тақырыбында өткен ғылыми семинардың қорытындысы
«Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау ережелері» тақырыбында өткен ғылыми семинардың қорытындысы
ТДМ-ны жүзеге асыру мақсатында 28 қараша күні сағат 12.00-де заң факультетінің 317 аудиториясында 108 топ студенттерімен «Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау ережелері» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинар модераторлары азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Сулейменова С.Ж. және кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, доцент Нурахметова Г.Г. Семинар барысында студенттер нотариус қызметіне қатысты мәселелерді талқылады, сонымен қатар нотариаттық іс-әрекеттер туралы өз пікірлерін білдірді. Ғылыми семинар барысында «Нотариат туралы» заңды жетілдіру мәселелері де көтерілді.
1 курс студенттері нотариаттық іс-әрекеттерді жасау ережелерін белсенді түрде талқылады. Семинардың мақсаты – оқушылардың сауаттылығын арттыру.