«Білім беру мекемелерінің қызметін жасылдандыру» атты тақырыта ағылшын тілінде өтетін ЭССЕ БАЙҚАУЫ

7 желтоқсан, 2023

Құрметті әріптестер, студенттер!

Сіздерді 2023 жылдың 7 желтоқсанында сағат 10:00-да «Білім беру мекемелерінің қызметін жасылдандыру» атты тақырыта ағылшын тілінде  өтетін ЭССЕ БАЙҚАУЫНА шақырамыз. Іс-шара Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық курсы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК ІС-ШАРА ЖОСПАРЫНА сәйкес өткізілуде. Іс-шара онлайн форматта ҚазҰУ-нің Тарих факультетінің 1–ші курс студенттері, Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері және Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының  студенттерінің қатысуымен өтеді.

Ұйымдастырушылар: Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары

Г.А. Койтасова, К.Ч. Утегенова, Г.К. Атабаева, А. Абдіжаппар

Формат: онлайн, Zoom meeting

(https://us04web.zoom.us/j/2275039739?pwd=vhAVckaWxuizvmxZFUMRVb0Ruf7AlC.1&omn=75993046788)

Уақыты: 7-ші желтоқсан, 2023 жыл, сағат10:00-да

Өткізілетін орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультеті