2 желтоқсан күні Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театры қойған «Енелер мен келіндер» спектаклін «Сапалы білім беру» бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде Филология факультетінің 4 курс студенттері мен әдебиеттану мамандығының тәжірибеден өтуші магистранттары және аға оқытушы Ш.А. Шортанбай барып, тамашалап қайтты. Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселе қазақы салт-дәстүрдің әр өңірде өзгеше көрініс табатынын суреттеген қойылым көрермен көңілінен шықты. Қойылымнан кейін театрдың фойесіндегі «Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясы мектеп-интернат,колледжі» колледжінің студенттерінің көрмесін аралап, шығармашылық шеберханасының қыр-сырымен танысты.
Салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, ұлықтайық!