- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік және құқықтық негіздері. Адам құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау"
"Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік және құқықтық негіздері. Адам құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау"
2023 ж. 29 қараша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 312 тобында "Адам құқығы" пәні бойынша сабақта адам құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау механизмін талқылады.
312 - топтың студенттері Сабетбеков Нұрмұхамед пен Марсова Гүлнұр " Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік және құқықтық негіздері. Адам құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау" деген тақырып бойынша баяндама жасады.
Сабақтың мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына ұсынылатын новеллаларды қарау, шет елдердің құқықтық практикасымен салыстырмалы талдау жүргізу. Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетіне, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөлінді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 312 тобының студенттері талқылау тақырыбына жоғары қызығушылық танытып, оған белсенді қатысты. Осы тақырып бойынша пікірталас өткізілді.
Ұйымдастырушы- мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы.
Аталған іс - шараны өткізуге з.ғ. д., профессор Ибраева Алуа Саламатовна жауапты.