Сәттілік тілейміз!

4 желтоқсан, 2023

Экономика және бизнес Жоғары мектебі “Менеджмент” мамандығының 4-курс студенті Болатова Анельді (эдвайзер Тасжарғанов С.И.) "ТМД-ның Үздік студенті" халықаралық байқауының бірінші кезеңінде жеңіске жетіп, екінші кезеңге өтуімен құттықтаймыз!

Аталмыш конкурс ұйымдастырушысы «Bilim-Orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы.

Байқаудың екінші кезеңі 2023 жылдың 8-ші желтоқсанында елордамыз - Астана қаласында өтеді. 

Осы орайда “Менеджмент” кафедрасының меңгерушісі Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызы екінші кезеңге қатысу үшін кафедра атынан Анельге  қаржылық қолдау көрсетіп, сәттілік пен жеңіс тіледі!