САЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН ӨТКЕН ҚОНАҚ ДӘРІС

4 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 04 желтоқсанында сағат 8:00-деТұрақты дамудың 8-ші мақсаты «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» аясында Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Албаева Айжан Нажманқызы мен Салық төлеушілер бөлімінің бас маманы Солтанкұлова Ұлжан Мырзаханқызы және «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Керімбек Ғалымжан Есқараұлы мен 4 курс студенттерінің қатысуымен «Салық әкімшілігін жүргізу» пәнінен «Қазақстан Республикасының салық саясаты: өзекті мәселелері, өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында қонақтық дәріс өтті.

Дәрісте Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексінің қабылдануы мен жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сонымен қатар, еліміздегі салықтық әкімгершіліктің цифрландыру барысы, салықтық бақылаудың мақсаты, шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыру, салық саясатындағы заманауи жаңашылдықтар қарастырылды.

Білім алушылар тарапынан көптеген өзекті мәселелер бойынша келесі сұрақтар қойылды: жеке кәсіпкерлікке берілетін салықтық жеңілдіктер, салықтық мораторийдің еліміздің экономикасына әсері, Салық кодексінде қарастырылған жаңашылдықтар, бөлшек сауда салығының артықшылықтары, еліміздің салық жүйесі қай елдің тәжірибесіне негізделген, салықтық әкімгершілікті толық цифрландырудың қажеттілігі, кәсіпкерліктің пайдалы жақтары. 

Қонақ дәріс білім алушылар үшін өте пайдалы болды. Теориялық білімді кәсіби тәжірибелі маманмен сабақтастыра ұштастыру білім алушының қызығушылығы мен ынтасын арттырады. 

@bostan.salyq.kz