ҚазҰУ студенттері семсерлесуден жүлдегер атанды
4 желтоқсан, 2023
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің 3-курс студенті Ғалымжан Нұрымов семсерлесуден ҚР кубогында жеке сынақ және командалық құрамда бірінші орын алды.
Семсерлесуден Қазақстан кубогы 2023 жылдың қараша айында Өскемен қаласында өтті. Осы жарыстан кейін Ғалымжан Нұрымов Ташкенттегі Әлем кубогына жолдама алды.
2-3 желтоқсанда өткен әлемдік жарыста ол жеке семсерлесуде 2-орын, командалық жарыста 3-орын иеленді.

Халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс студенті Камила Мирзахметова Өскеменде өткен ҚР кубогында командалық құрамда 2-орын алды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
17 желтоқсан, 2025
17 желтоқсан, 2025
17 желтоқсан, 2025