ЗАМАНАУИ МУЗЕОЛОГИЯНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАР МЕН БАҒЫТТАР

4 желтоқсан, 2023

2023 жылдың 4 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Оқу-әдістемелік бірлестігінің гуманитарлық ғылымдар секциясы мен  Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасы ұйымдастырған онлайн және офлайн форматтағы «ЗАМАНАУИ МУЗЕОЛОГИЯНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАР МЕН БАҒЫТТАР» атты ғылыми әдістемелік форсайт-сессия өтті.  

Форсайт-сессияда «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының қазіргі жай-күйі және білікті мамандар даярлау мәселелері қарастырылды. Форсайт-сессия модераторлары тарих факультетінің деканы Д.С.Байгунаков және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің ғалым-хатшысы А.С. Сырғақбаева мәселенің бүгінгі күні өте өзекті екенін айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Музей ісі және материалдық емес мәдени мұра» басқармасының басшысы Фазылова Гүлзейнеп Анафияқызы «Музей ісі және материалдық емес мәдени мұраның өзекті мәселелері»,  Археология, этнология және музеология   кафедрасының меңгерушісі Б.К.Қалшабаева «Музей ісінің қазіргі кезеңдегі әлеуеті және білім беру бағдарламалары мен оқу әдістемелік кешендерін дайындаудағы жаңа тұжырымдар мен ұсыныстар», ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің директоры Р.Е. Харипова «Музей ісі саласындағы білікті кадрларға деген қажеттілік: мәселелер мен шешу жолдары», музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс «Қазақстан музейлерін кадрмен қамтамасыз ету мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасады. Форсайт-сессияға Қазақстанның көптеген музейлерінің басшылары мен қызметкерлері қатысып, музей ісі саласындағы өзекті мәселелерді, оның ішінде кадр даярлау мәселелерін талқылады.