- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлеріне ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE Executive University Leadership Program бағдарламасының сертификаттары табысталды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлеріне ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE Executive University Leadership Program бағдарламасының сертификаттары табысталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің КазНУ қызметкерлеріне ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE Executive University Leadership Program бағдарламасының сертификаттары табысталды
1-2 желтоқсанда Назарбаев Университетінде Nazarbayev University Ғылым және жоғары білім министрлігінің ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бастамасымен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі дайындаған «Басқарушы университеттің көшбасшылығы» бағдарламасы аяқталды.
Бұл бағдарламаға Философия және саясаттану факультетінің деканы Bekzhan Meirbayev Мейірбаев Бекжан Берікбайұлы қатысып, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Sayasat Nurbek қолынан Executive University Leadership бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттар алды.
Қазақстанның 28 университетінің 80-нен астам университет әкімшілігінің өкілдері қатысқан шараның ашылуында қатысушылар алдында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысы алға қойған білім сапасын арттыру міндетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
«Әлеуметтік және инфрақұрылымдық салаларда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру міндеті бірінші орында тұр. Біз Ұлттық баяндаманың жобасын дайындадық. Оның мақсаты – оқытуды ұйымдастыру парадигмасынан тұлғаның қалыптасуын қалыптастыру парадигмасына көшуі. Біртұтас тәсіл оқытудың бірізділігі мен үздіксіздігін қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағдарлама бойынша құзыреттілігін арттырған ректорлар мен проректорлардың енді білімдерін орта буын менеджерлерге де жеткізу маңызды», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
«Университет басшыларына арналған көшбасшылық» бағдарламасы Қазақстанның 28 мемлекеттік университетінің басшыларын, оның ішінде ректор, проректор, декандар мен кафедра директорларын біріктіріп, заманауи динамикалық ортада университеттерді тиімді басқару үшін қажет білім мен практикалық құралдармен таңысуға мақсатталған. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат өз сөзінде бағдарламаны ұйымдастыру үшін Назарбаев Университетінің ұжымына алғыс айтып, курстың тәжірибелік құрамдас бөлігінің маңыздылығын атап өтті.
«Жоғары білім саласындағы көшбасшылардың дайындығы – министрліктің бақылауында тұратын мәселелердің бірі. Назарбаев Университеттің ұжымы біздің ұсынысты қолдап, осындай 9 модульден құрылған курс дайындады. Бағдарламада көшбасшылық, шешім қабылдау, зерттеу қызметі, және шетелдік университеттермен біздің тәжірибемізді салыстыру бағыттарын қамтиды», - атап өтті вице-министр.
2023 жылдың сәуірінде іске қосылған бағдарлама 9 интерактивті модульді қамтыды. Көшбасшылардың әрбір кездесуі университеттегі қайта құрудың әртүрлі процесстеріне арналды. Олардың ішінде: университеттердің құндылық бағдарлары, көшбасшылық, университет құрылымы, студенттік мәселелерді шешу және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету. Курс аясында ректорлар мен проректорлар жоғары білім саласындағы отандық және халықаралық сарапшылардың, министрліктер өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарының дәрістерін тыңдап, топтық жұмыс жасап, университеттерде атқарылған жұмысын атап өтіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Қорытынды модуль барысында 2 күн бойы қатысушылар болашақтағы техникалық, педагогикалық және ұлттық университеттер қандай болуы керек деген сұрақтарға жауап беріп, топтық жобаларын қорғады. Сонымен қатар «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының жобасын талқылады.
Соңғы модульдің қорытындысы бойынша 2 желтоқсанда 81 қатысушы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолынан бағдарлама аяқтағаны туралы сертификат алды. Министр 9 модульге белсенді қатысу үшін алғыс айтып, курс барысында пайда болған қорытындылар мен идеялар іс жүзінде қолданылатынына сенім білдірді. Айта кету керек, университет басшыларына арналған бұл курс Academic Leadership Program («Академиялық көшбасшылық бағдарламасы») жобасы аясында өткен Executive University Leadership бағдарламасының серіктесі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Деректер негізінде шешім қабылдау» (Data-driven decision making) тақырыбындағы 3 модулді өз базасында өткізді.