“Мен, өзге және өзгесі” атты кітабының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері

5 желтоқсан, 2023

Түрксой кафедрасының аға оқытушысы Нұрат Ілияс Халықаралық Қазақ-Түрік университеті жанындағы Еуразия ғылыми зерттеулер институты директоры Суат Бейлур мырзаның шақыртуымен Түркияның   мемлекет қайраткері, дипломат, профессор, Ибраһим Қалыңның “Мен, өзге және өзгесі: Ислам-Батыс қарым-қатынасының тарихына шолу” атты кітабының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесеріне қатыстып, кітап жөнінде сын-пікрін білдірді. Іс-шара Алматы, Қазақстан қонақүйінде өтті. Тұсаукесерге Түркияның Алматыдағы Бас Консулы Еврен Мүдеррисоғлы, Ясауи университетінің өкілетті кеңесінің төрағасы профессор Мұхиддин Шимшек, ҰҒА Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы Н.Б. Ем, Түрксой жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қатысты.