Көрнекті жазушы, драматург, сценарист, профессор Әкім Таразидің 90 жасқа толған мерейтойы қарсаңына «Таразитану және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми конференция

5 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде көрнекті жазушы, драматург, сценарист, профессор Әкім Таразидің 90 жасқа толған мерейтойы қарсаңына «Таразитану және қазақ әдебиетінің даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірболат Алуа Берікбайқызы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD Даутова Гүлназ Рахымқызының, кафедраның аға кураторы, филология ғылымдарының кандидаты Карбозов Ерхан Карбозұлының бастамасымен ұйымдастырылды. 


Конференцияға Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жемиле Кынажы Баран, Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Кенан Коч, Гүлістан мемлекеттік университетінің доценті, PhD доктор Оразов Бағдат секілді алыс-жақын шетелдік ғалымдар мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Әбдиманұлы Өмірхан (конференция модераторы), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері филология ғылымдарының докторы Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Иманғазинов Мұратбек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің професоры, филология ғылымдарының докторы, Ержанова Сәуле Баймырзақызы, Әлихан Бөкейхан Университеті филология кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Мүрсәлім Гүлнұр Оразбекқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұсалы Ләйлә Жұматайқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Солтанаева Еркінгүл Молотқызы т.б. отандық ғалымдар сөз сөйлеп, Әкім Тарази шығармашылығының аударылуы, шетелдегі, Қазақстандағы зерттелу деңгейі, педагогикалық қызметі, т.б. мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. 
Жазушының шығармашылық лабораториясы, студенттерді жазушылыққа баулудағы тәжірибесі, оның шығармашылық һәм адамдық қырлары түрлі мысалдармен, естеліктермен тереңінен ашылды. Әл-Фараби ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің тарапынан Әкім Тарази және оның шығармашылығының зерттелуі бойынша көрме ұйымдастырылды.